18 қаң, 2021 сағат 19:32

Алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанда алты облыс аумағында қолайсыз ауа арйына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

19 қаңтарда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

19 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Көкшетауда ертең түнде және таңертең тұман болады.

19 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетіп, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

19 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерінде жаяу бұрқасын, солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

19 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оралда 19 қаңтар түнде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

19 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Атырау қаласында 19 қаңтарда түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.