23 мау, 2021 сағат 01:55

Алтай тауында ілбіс фототұзаққа түсіп қалды


Алтай қорығында орнатылған фототұзаққа ілбіс түсіп қалған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" National Geographic-ке сілтеме жасап.

Қарағай лақапатты қар барысы жартаста жортып жүргенде жасырын камераның қасынан өткен. Әуелде фототұзақты байқағанда мән бермеген аң екі айдан кейін тағы бір көргенде камераға шабуыл жасады. Бірақ барыс тістеп алса да, фототұзақ әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.

Талдау көрсеткендей, Қарағай үнемі Алтай тауының Чихачев жотасында жүреді. Бұл Ресей мен Моңғолияның шекарасындағы тұс. Дәл осы жерді Алтай қорығының ең кәрі аңы - Хоргай мекендеген. Алайда ол әлі күнге дейін камера объективіне ілікпей келеді.

Чихачев жотасында фототұзақтар арқылы барыстарды бақылау 2011 жылдан бастап жалғасып келеді.