18 мам, 2020 сағат 15:36

Алматының сауда орталықтарына дезинфекциялық тунельдер орнатылады

Алматыда ірі сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарына дезинфекциялық тунельдер мен стационарлық тепловизорлар орнату ұсынылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бірінші кезеңде жалпы аумағы 500 шаршы метрден асатын 138 сауда нысаны ашылады. Бұл – шағын бутиктер, сұлулық салондары, химиялық тазарту қызметі мен мейрамханалар. Егер барлық талаптарға сай болатын болса – 25 мамырдан бастап жұмыс істеуге рұқсат», - деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында.

Екінші кезеңде фуд-корттардың жұмысы қаралады. Үшінші кезеңде – кинотеатрлар мен ойын алаңдарын ашу жоспарда.

«Біз ауданы 2000 шаршы метрден асатын нысандарға дезинфекциялық тунельдер орнатуды ұсынамыз. Ал 20 мың шаршы метрден асатын объектілерге стационарлық тепловизорлар орнату қажет», - деді ол.