27 қаң, 2021 сағат 11:32

Алматының «Қайраты» Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды

Футболдан ел чемпионы «Қайрат» командасы Түркияға оқу-жаттығу жиынына аттанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталмыш жиынға қатысатын футболшылар тізімі жарияланды. 

Қақпашылар: Стас Покатилов, Данил Устименко, Дінмұхаммед Жомарт, Темірлан Анарбеков.

Қорғаушылар: Сергей Кейлер, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев, Камо Оганесян, Раде Дугалич, Дино Миканович, Денис Поляков, Александр Широбоков, Лев Кургин, Арсен Буранчиев.

Жартылай қорғаушылар: Яцек Гуральский, Айбол Әбікен, Адам Адахаджиев, Сұлтанбек Астанов, Небойша Косович, Гүлжігіт Алықұлов, Данияр Үсенов, Андрей Ульшин. 

Шабуылшылар: Вагнер Лав, Адеринсола Эсеола, Артур Шушеначев, Штрели Мамба, Айдар Абдолла, Ғалымжан Кенжебек.

Алматылықтар жаңа маусымға дайындық барысында черногориялық «Будучность» және украиналық «Александрия» командаларымен жолдастық кездесу өткізеді.