Алматыға коронавирусты анықтайтын тағы 200 мың тест алынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бүгінгі таңда жедел тесттен өту тегін. Алдағы бір-екі күнде тағы 200 мың тест келеді. Алғашқылардың бірі болып, медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатын жедел жәрдемнің, амбулаториялық ұйымдардың, ауруханалардың қабылдау бөліміндегі медициналық қызметкерлері тексеріледі, - деді Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.
Сонымен қатар, ол қаладағы әлеуметтік мекеме, полиция, ҰҚК қызметкерлері, кассирлер және адамдармен тығыз байланыста болатын басқа да кәсіп өкілдерін өткізу жоспарда екенін атап өтті.