#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Алматыға 1 млн-нан астам «Парацетамол» жеткізілді – фармкомпания

  • 08.07.2020
  • 0
  • 301

Алматыға 1 млн астам «Парацетамол» жеткізілді. Бұл туралы «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бүгін Сағынтаевтың басшылығымен өткен селекторлық жиын барысында, «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова дәріханалар алдындағы кезектің не себепті пайда болғанын түсіндірді.

«Кезектер бар, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек екенін ескере отырып, 20-25 адамнан артық кіргізбейміз. Науқастар саны көп, бірақ біз жағдайдың түзеліп келе жатқанын байқап отырмыз. Алматыға тауар тоқтаусыз келуде, «INKAR» ЖШС-на 1 млн астам «Парацетамол» келді. Жүкті жөнелтуге байланысты адами фактор тұрғысынан үлкен қиындықтар бар,соған қарамастан, қазір бүкіл кеңсе жұмыс істеп тұр», - деді Әлия Ерімбетова.

Оның айтуынша, фармкомпаниялар мұндай дүрлігуді күткен жоқ.

«Біз барлық ауруханаларды тауарлармен қамтамасыз етеміз, базар мұндай сұранысқа ие болмады, антибиотиктер әдетте тек рецепт бойынша сатылған. Наурыз айынан бастап ақпарат құралдарында көптеген нәрселер жазылды, дегенмен, ел мен қала басшылығы жағдайды шешуге, жеңуге өте мүдделі деп санаймын, ол үшін көптеген дұрыс қадамдар жасалды. Біз ұшақтарды ақысыз жеткізу ұйымын күтеміз - енді жеткізушіні таңдау қалады. Қазір үкімет бәріне қолайлы болу жолдарын қарастыруда - барлық мүмкін нәрсені тездетіп, жеңілдетуде. Өз кезегінде, өндірушілер халық үшін өткізу жүйесі жолға қойылған ескі компаниялардың жеткізуіне басымдық беред», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ол дәріханаларда коронавирус пандемиясын ескере отырып, халық арасында ең танымал 41 дәрі-дәрмектің бар екендігі туралы түсіндірді.

«Бір аптаның ішінде дексаметазон мен ең тапшы өнімдерге деген шиеленіс азаяды», - деді Әлия Ерімбетова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар