11 мам, 2020 сағат 19:31

Алматыдағы сән салондары қашан ашылады?

Алматыдағы сән салондары мен білім орталықтарына жұмысын бастауға рұқсат беріледі. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматыда бүгіннен бастап сән салондары мен кейбір білім орталықтарына жұмысын бастауға рұқсат берілді. Арнай белгіленген тәртіп бойынша ертеңнен бастап infoalmaty.kz сайтында арыздар қабылданады. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимі жалғасады. Санитарлық талаптар сақталуы керек»,– деді брифинг барысында Сапарбек Тұяқбаев.

Сондай-ақ, ол қаладағы саябақтарға қатысты талаптардың пысықталып жатқанын атап өтті. Олар кезең-кезеңімен ашылады.