Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың басшысы міндетін атқарушы болып Марат Абдуллаев тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еске сала кетсек, 14 сәуірде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Алматы қалалық орталық ауруханасының меңгерушісі Алмас Болатұлы Жувашев қызметінен босатылған еді.
Медициналық ұйым басшысының міндетін бүгінгі таңда Марат Абдуллаев атқарып жатыр.
Айта кетер болсақ, аталмыш ауруханада медқызметкерлер жаппай коронавирус жұқтырған болатын. Олардың кейбірі «Көктем» шипажайына карантинге жатқызылған. Олар видеоүндеу түсіріп, министрдің аталмыш жағдайға назар аударуын өтінген еді.
Орталық ауруханадағы жаппай коронавирус жұқтыру дерегін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов тексеретіні белгілі болды.