Алматы полициясы Сайран автовокзалы маңында жиналған көп адамның видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл ролик әлеуметтік желіде таралған. Бейнекадрда әскери КамАЗдар мен әскери қызметшілер, көп адам түсіп қалған. Видео авторы кадр сыртынан «ереуіл басталды» деп хабарлады.
Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға М.Әуезов ауданында кеше болған.
«Видеода Қордайдан келген сарбаздарды туыстары күтіп алып жатқаны түскен», - деді қалалық Полиция департаментінен.
Полиция «ереуіл» туралы жалған ақпарат таратқан адамды анықтады.
«Оның бұл әрекетіне құқықтық тұрғыдан баға берілетін болады. Ол заң бойынша жауап береді», - деді ПД.