#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Алматыдағы BRT жобасының екінші кезеңі қашан басталады

  • 02.06.2020
  • 0
  • 261

Алматыда BRT (жүрдек автобус желісінің) екінші кезеңі қашан басталатыны қоғамдық кеңес тыңдауында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаның бірінші кезеңі - ұзақтығы 8,7 км болатын маршрут учаскесі «Мұстафин - Сүлейменова- Жандосов – Тимирязев» көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін барады.

«BRT құрылысы қаражат бөлінген жағдайда 2021 жылдан басталады. Сараптама қорытындысы шыққан соң республикалық бюджетке сауал жіберуіміз де мүмкін. Келер жылы бастасақ, құрылыс жұмыстарына шамамен 22 ай кетеді. Құрылыс жұмыстары 1,5-2 жылға созылады», - деді қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан.

Жоба құны шамамен 12 млрд доллар деп бағаланып отыр.

BRT жобасының екінші кезеңі, яғни 13 шақырымдық учаскесі Желтоқсан көшесімен Төле би, Шығыс айналма жолы, Halyk Arena тұсындағы депоға дейін барады.

Қала әкімі жоба мақұлданған жағдайда жүрдек автобус желісін «Алатау» арнайы экономикалық аймағына дейін созу туралы айтқан болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар