#
#
Сенбі 11/07/2020

Алматыдағы бассейндер таяу арада ашылуы мүмкін

  • 01.06.2020
  • 0
  • 225

Алматыда бассейндерді ашу мәселесі жақын арада қаралады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгіннен бастап моншалар мен сауналар жұмыс істей бастады. Бассейндер екінші кезеңде ашылады, өйткені онда адамдар көп болады. Жалпы бассейндегі судың құрамында дезинфекциялық зат бар. Біз қазірдің өзінде бассейнге қойылатын талаптарды әзірлеп жатырмыз. Таяу уақытта ашылып қалар», - деді ол. 

Сонымен қатар ол, моншаға келушілердің әлеуметтік қашықтықты сақтап, міндетті түрде маска тағу керектігін ескертті. 

«Қызметкерлер де маска тағып, қолғаппен жұмыс істеуі керек. Демалыс бөлмелері санитайзермен қамтамасыз етіліп , желдету режимі күшейтілуі тиіс», - деп толықтырды Ж.Бекшин. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар