Алматы № 2 перзентханадан COVID-19 инфекциясы тіркелді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Перзентханаға жүктіліктің 39-аптасындағы келіншек келген. Ол коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Ол бұл ақпаратты жасырып қалған», - дейді баспасөз қызметі.
Қазір қызметкерлер мен пациенттер ПТР-тестілеуден өтті. Оларды басқа медициналық мекемелерге ауыстыру немесе үй карантиніне жіберу қарастырылып жатыр.
«№2 перзентхана ғимаратында зарарсыздандыру шаралары жасалды. Қазір мекемеде пациент қабылдау тоқтатылды. Қызметкерлер мен пациенттер тағы қосымша тестілеуден өтеді. Вирус жұқтырғаны расталмаса, перзентхана штаттық режімде жұмысын жалғастырады», - деді әкімдіктен.