Алматы қаласында болған жол-көлік апаты салдарынан үш полиция қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Полиция департаменті баспасөз қызметінде жол-көлік оқиғасы 25 сәуір күні күндіз Түрксіб ауданында болғандығын ескертті.
«Toyota көлігінің жүргізушісі Клара Цеткин көшесімен солтүстікке қарай жүріп келе жатып, «жол беру» белгісіне мән бермей, Бекмаханов көшесіндегі бас жолға шығып кетіп, онда полиция көлігімен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан қызметтік көлікте болан үш полиция қызметкері дене жарақаттарын алды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасы фактісі Түрксіб ауданы полиция басқармасында тергелу үстінде.