Алматыда түнімен нөсер жауын жауып, қатты жел соқты. Бір түнде айлық жауын шашын нормасының төрттен бірі түскен, - деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
«21 ауланы су басып, 19 ағаш құлаған. Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ. 14 мамырдағы дауыл болатыны жайлы ескертуден кейін қаладағы барлық құтқару қызметтері дайын тұрған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 15 жекеменшік үйдің ауласына кірген су тоқтатылды. 4 жолды су шайған. 2 көпқабатты үйдің жертөлесіне су кірген», - деді ТЖД.
Сонымен қатар, қатты желден 8 ағаш көліктердің үстіне, 11 ағаш жолға құлаған.
ТЖД қызметкерлері барлығы 840 текше метр суды сорғышпен сорып шығарды.