Алматыда жаңадан ашылған модульдік орталықтағы КТ аппараттың неге істемей тұрғаны анықталды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«КТ аппарат шынымен істен шықты. Инфекциялық стационарда қазір цифрлық рентген аппарат бар. Жақын арада КТ аппаратқа ауыстыруға тиісті бөлшектері жеткізілетін болады», - деді Камалжан Надыров.
Басқарма басшысы дәрігердің нұқсауынсыз КТ аппаратына түсуге болмайтынын айтты.
«Компьютерлік томография – ол да сәулелі терапияға жатады. Сондықтан, оған қажеттіліксіз түсе беруге болмайды. Міндетті түрде дәрігерлердің ұсынысы керек», - деді ол.