01 шіл, 2020 сағат 11:32

Алматыда жалға берілетін баспана бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды

Алматыда жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз үйді жалға алу мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«30 маусымнан 3 шілде аралығында Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастардан «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алу құқығынсыз жалға үй беру бағытында құжат қабылдауды бастады», - деді басқармадан.

Өтінімдер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz сайты арқылы беріледі. Сайттағы авторизация электронды қолтаңба арқылы жүргізіледі. Бұл бағдарлама бойынша баспана 5 жылға жалға беріледі.

Қазір Алатау ауданындағы 13-шағынауданда 1 бөлмелі пәтерлерден бесінші пул жасақталған. Бағдарламаға қатысу шарттарымен мына жерден танысуға болады.