Алматыда әйгілі «Кино» тобының әншісі Виктор Цойға ескерткіш ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әншінің қоладан жасалған мүсіні бүгін 21-шілдеде Виктор Цойдың туған күнінде ашылды.
Ескерткіш «Ине» фильмінің түсірілім жұмыстары жүргізілген жерге қойылды.
Адам бойымен бірдей жасалған мүсін аса биік емес тұғырнамаға қойылған. Сырттағы адамға ол ойланып бара жатқан адамға ұқсайды.
Айта кету керек, мұның алдында «Игла», «Йя-Хха» фильмдерінің режиссері Рашид Нұғманов Виктор Цой туралы неге фильм түсірмей жүргенін айтқан болатын.
«Өйткені ең жақсы білетін адамың туралы кино түсіру, өзің туралы туынды түсірумен бірдей. Ол өте қиын. Актерлардың ойыны кезінде мұның бәрі өтірік екенін іштей ұғынасың. Жақсы нәрсе шығару үшін ол нәрсемен жете таныс болмау керек деп ойлаймын», - деген еді ол баспасөз мәслихатында.
Виктор Цой 1962 жылы 21 маусымда туған. 15 жасында ол үлгерімі нашар болғасын Серов атындағы көркемөнер мектебінен шығып қалған.
Әр жылдары ол түрлі музыкалық ұжымдарда жұмыс істеген. 1981 жылы ол үш серігімен «Гарин и Гиперболоиды» деген топ құрған. Кейін серіктерінің бірі әскерге шақырылған соң топ атын «Кино» деп өзгертті.