19 мам, 2020 сағат 15:20

Алматыда түлектер үшін қымбат көлік жалдауға тыйым салынды

Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектеп түлектері үшін мереке ұйымдастыруға қатысты тыйымдарды айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап өтілгендей, мектепті аяқтауға байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға жол берілмейді. Мәселен, аниматорлар, мерекелік агенттіктер мен жеке студиялардың қызметін тартуға, кешті салтанатты түрде өткізуге, аста-төк дастархан жаюға, қымбат көлік жалдауға тыйым салынады.

«Сонымен қатар, мектептегі іс-шараларға қаражат жинауға жол берілмейді», - деді Ләззат Жылқыбаева онлайн-брифинг барысында.