#
#
Сенбі 11/07/2020

Алматыда той-томалақ өткізуге рұқсат жоқ – Бекшин

  • 01.06.2020
  • 0
  • 191

Алматыда үйлену тойлары мен банкеттерге әлі де тыйым салынады. Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рұқсат жоқ. Бүгінде Алматыда тамақтану орындарына жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. Бірақ түрлі банкет, мерекелік шаралар, ұжымдық басқосуды қоғамдық тамақтану орындарында өткізуге тыйым салынған», - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин. 

Айта кетейік, Алматыда дәмханалар мен тамақтану орындары 25 мамырдан бастап жұмыс істеп келеді. 

Оларға қойылатын талап – бір отбасының мүшелерін қоспағанда, көрші үстелдерде отырған қонақтардың арасындағы қашықтық - кемінде 2 метр, ал бір үстелге отыратын адам саны - 4 адамнан аспауын қамтамасыз ету. 

Қоғамдық тамақтану орындарына кешкі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар