21 сәу, 2020 сағат 14:36

Алматыда соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі - медицина қызметкерлері

Алматыда соңғы тәулікте жаңадан 145 жағдай анықталды. Қазіргі уақытта COVID-19 диагнозы расталған 669 адам бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Олардың 104-і қазіргі уақытта провизорлық орталық болып табылатын Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері, 12-сі №12 қалалық емхананың, 11-і қалалық паллиативтік көмек орталығының қызметкерлері және 18 адам вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар», – деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі күні 577 адам жұқпалы аурулар стационарында жатыр.

Екі пациенттің жай-күйі – өте ауыр, 6 адамда – ауыр, 168-і ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық.

Алматыда коронавирус инфекциясынан 88 адам сауығып шықты.

Провизорлық госпитальдарда 452 адам, карантиндік оқшаулауда 352 адам, үй карантинінде 9 950 адам бар.