Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Іскерлік кеңес отырысын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы Exit Strategy қала тіршілігін кезең-кезеңмен қалпына келтіру жоспарына сәйкес шағын және орта бизнес (ШОБ) субьектілерін қолдау шараларының пакеті әзірленіп жатыр.
Отырыс барысында мегаполистің іскерлік белсенділігін қалпына келтіру туралы ұсыныстар қаралды.
Төтенше жағдай кезеңінде және коронавирусқа арналған карантин тоқтатылғаннан кейін бірқатар кәсіпорындар жұмысқа қайта оралады.
Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына ерекше көңіл бөлінеді. Шаралар пакеті сарапшылар мен нарық қатысушыларының бағалары мен пікірлерін ескере отырып қалыптастырылады.