#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Алматыда саябақтар, фитнес орталықтар 3 маусымда ашылады

  • 02.06.2020
  • 0
  • 225

Алматыда бірқатар кәсіпкерлік субьект 3 маусымда ашылады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«2020 жылдың 3 маусымынан санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда:

30 адамнан аспайтын көлемде оқу жаттығу жұмысын жүргізу үшін спорт нысандары;

Дене шынықтыру сауықтыру орындары (фитнес клубтар, жаттығу залдары);

Білім орталықтары мен үйірмелер (алдын ала жазылу арқылы);

Балаларға арналған түзету орталықтары;

Саябақтар мен скверлер ашылады», - делінген қалалық бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің қаулысында.

Нысан басшылары санитарлық талаптарды толық орындау керек.

Айта кетейік, өткен аптада Алматыда ХҚКО, сауда ойын сауық орталықтары ашылған болатын.

Алайда арнайы комиссия кейбір нысандардың жұмысынан санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтады.

30 мамырдан бастап мешіттердің есігі ашылды. 1 маусымнан бастап сауна, спа-салондар, моншалар ашылды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар