Алматыда қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантиндік шараларды күшейту туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Құжатқа сәйкес, барлық азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар демалыс күндері 9-18 сағат аралығында, жұмыс күндері 9-16.00 аралығында ашық болады.
ХҚО жұмысы онлайн форматқа көшірілді. Ал онлайн көрсетілмейтін қызметтер таңғы 10.00-16.00 аралығында көрсетіледі.
Сауда, ойын-сауық орталықтары 10.00-21:00 аралығында жұмыс істейтін болады. Бұл жерлерде қоғамдық тамақтану орындары, ойын-сауық орталықтары жабық болады.
Коммерциялық банктер өз қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс форматына ауыстыруға міндеттеледі.
Сондай-ақ, компьютерлік залдар, боулинг, букмекерлік кеңселер, банкет залдары, бильярд залдары, караоке орталықтар жабық болады.
Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялардың бөлімшелері өз қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс режиміне көшіруі тиіс.