Алматыда корновирус жұқтырғандардың саны 1140 – қа жетті. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«30 сәуір күні - 114, бүгін 89 жағдай тіркелді. Олардың 16 - сы провизорлық стационардағы адамдармен байланыста болғандар, 4-уі Мәскеу-Ақтөбе-Алматы рейсімен ұшып келгендер, олар бірден стационардағы карантинге жатқылған болатын. Қалғандары тестілеу нәтижесі арқылы анықталды. Олармен байланыста болған барлық адамдар табылды және провизорлық госпитальдарға карантинге орналастырылды» – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Басқарманың мәліметінше, инфекциялық стационарларда 1015 адам ем қабылдап жатыр, оның 39-ы бала.
Екі адамның денсаулық жағдай өте ауыр, 27 адамдыкі - ауыр, 208 адамда орташа дәрежеде, қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық.
Провизорлық госпитальдарда - 395 адам, карантиндік оқшаулауда –366, үйде –11846 адам бар.
«Өткен тәуліктерде Алматыда 15 науқас коронавирустық инфекциядан сауығып, үйлеріне шығарылды. Оның ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 10 медицина қызметкері, төртеуі Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері және бір әйел вирус бұрын анықталған науқаспен байланыста болған 1964 жылы туған пациент. Ол 2 сәуірден бастап емдеуде болған. Қалған пациенттерді емдеу шарасы орта есеппен 16-18 күнге созылды», - деп толықтырды басқармадан.