01 мам, 2020 сағат 17:18

Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққан адамға бірегей операция жасалды

Алматылық дәрігерлер онкологиялық науқасқа бірегей операция жасап, оның өмірін сақтап қалды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Алматының онкология орталығына «Жаппай зақымданған өңеш қатерлі ісігі» диагнозымен 50 жастағы ер адам келіп түсті. Бойы – 177 см, салмағы – 43 келі нормаға сәйкес келмейтін пациенттің жай-күйі – өте қиын болды. 

Науқасты тексеріп қарағаннан кейін, Нұрлан Балтаевтың басшылық етуімен онкологиялық орталықтың дәрігерлері көпкезеңдік операция жасау туралы шешім қабылдады. Себебі пациенттің жай-күйі толық сауықтыратын бір мезгілдік операция жасауға келмейтін. 

Алғашқы операция жасау кезінде өңештің тотальды резекциясымен қоректік түтікшені орнатумен және өңештің мойнындағы өскіндерін шығара отырып асқазанды жұмылдыру жүргізілді. Отадан кейін, пациент түтікше арқылы тамақтанды.

«Белгілі бір уақыттан кейін екінші операция жасалды, оның барысында дәрігерлер тоқ ішектің кесіндісінен өңеш орнын қалыптастыру арқылы тамақтанудың өткізгіштігін қалпына келтірді», - дейді хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Балтаев.

Оның айтуынша, жойылған өңеш тоқ ішектің кесіндісіне ауыстырылды. Яғни, екінші операция қайта құру-қалпына келтіру болды. Осылайша, пациенттің табиғи жолмен тамақтануы қалпына келтірілді.

Жүргізілген бірнеше күрделі операциядан кейін пациенттің денсаулығы жақсарды. Қазір оның салмағы 55 келі. 

Операция сәтті өткендіктен, химиялық терапия қажет емес. Пациент үйіне шығарылды.