#
#
Сейсенбі 14/07/2020

Алматыда мектеп бітіруші түлектердің кортежі жол ережесін бұзған

  • 05.06.2020
  • 0
  • 176

Алматы полициясы жол ережесін бұзған мектеп бітіруші түлектер кортежіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Әлеуметтік желілерде кортеж ұйымдастырғандардың видеосы тарады. Онда түлектер жол ережесін өрескел бұзып, көлік терезесінен басын шығарған. 

Полиция департаменті көпшіліктің назарын аударған кортежге байланысты түсінік берді. Айтуларынша, кінәлілер жауапқа тартылады. 

«Мектеп бітіруші түлектердің кортежіне қатысқандардың әрқайсысының іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады полициядан. 

Айта кетейік, биыл пандемияға байланысты Қазақстанның мектеп бітірушілері 3-4 маусымда барлық санитарлық нормаларды сақтап, аттестат алды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар