Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан конькишілер федерациясы сайтындағы мәліметке сәйкес, ел біріншілгі Алматыда қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында 14-19 желтоқсан күндері өтеді.
Жарысқа 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жастар қатысады.
Эпидемиологиялық ахуалға байланысты ҚР чемпионаты көрермендерсіз өтеді. Сондай-ақ залдарға спортшыларға ілесіп келген жақын адамдар жіберілмейді.
Әрбір спортшыда коронавирусқа ПТР-тесті туралы анықтама (мерзімі 72 сағаттан аспаған) болуы тиіс.
Жарыс бағдарламасы: 14-15 желтоқсан - жаттығу
16 желтоқсан - жаттығу, жеребе
17 желтосан - жаттығу, жарыс
18 желтоқсан - жаттығу, жарыс, марапаттау