08 мау, 2020 сағат 19:41

Алматыда крематорий салынады

Алматыда крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына тендер жарияланды, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".

Мәйтті өртеуге арналған нысан бір үлкен бөлме мен екі пештен тұратын болады. Оның жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 46 млн теңге бөлінген. Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 

Айта кету керек, Қазақстанда бір де-бір крематорий жоқ. Оның құрылысы туралы мәселе мерзімді баспасөзде жиі айтылады. Крематорий Жылу электр орталығының жанында салынуы мүмкін.