Алматыда қоймада ірі өрт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен хабарлағандай, 9 қазан күні сағат 17:16 шамасында Жетісу ауданы Ангарская көшесі, 133/А мекенжайында қойма өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде бір қабатты бөлек тұрған ғимарат өртеніп жатқаны белгілі болды. Қойма түгел темір конструкциядан жасалған. Ғимарат электр энергиясынан ажыратылған. Өрт сөндірушілер басқа ғимаратқа көшу қаупінің алдын алды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.
Тілсіз жау 22 минутта ауыздықталды. Қызыл жалын шарпыған аумақ анықталып жатыр.