Алматыдағы Medical Partners Korea клиникасы коронавирусты анықтайтын тағы бір тест орталығын ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Aport Mall орталығының тұрақ аймағында ашылған жаңа пункт сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай–ақ, «Нұрлы-Тау» және «Halyk Arena» мобильді пункттерінің жұмыс кестесі өзгерді. Енді олар 08:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
ПТР тестінің құны – 15 500 теңге.
Бұған дейін, Алматы әкімі мегополисте ПТР тест жасайтын қосымша жекеменшік екі зертхана ашылатынын айтқан болатын.
Жалпы қала бойынша, 300 мыңға жуық тест жүргізілді. Оның 245 мыңы ПТР тесті.