#
#
Cәрсенбі 12/08/2020

Алматыда коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінген

  • 03.07.2020
  • 0
  • 401

Алматыда коронавируспен күреске бөлінген 12,2 млрд теңгенің 8,9 млрд теңгесі игерілген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінді. 1 шілдеде қаржыландыру көлемі 11,4 млрд теңге болды, оның 86,8%-ы, 8,9 млрд теңгесі игерілген», - деді Қоғамдық кеңес отырысында Алматы бойынша ревизиялық комиссия төрағасының орынбасары Әлфия Рақышева.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған ақпаратқа сәйкес коронавирусқа қарсы Алматыда жеке қорғаныс құралдары сатылып алынған, аурухана салынған. Сондай-ақ, көлік құралдарын, подьездер мен аулаларды зарарсыздандыру жүргізілген. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерінде жұмыс істейтін, эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыруға қатысқан азаматтарды орналастыруға қаражат жұмсалды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар