13 мам, 2020 сағат 12:02

Алматыда коронавируспен күресіп жүргендерге арналған тағы бір мурал пайда болды

Коронавируспен күресті және одан жаһанды құтқарып қалу әрекетін бейнелейтін ашық бояулы суреттер Төле би және Чокин көшелерінің қиылысындағы үй қабырғасына салынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл біздің денсаулығымыз бен қауіпсіздігіміз үшін жан аямай күресіп жүрген дәрігерлерге, әскерилер және полицейлерге алғыс білдірген екінші мурал екенін жазды. 

Муралдың авторлары – танымал суретшілер Тамара Елфимова мен Джохар Юнусов. Олардың ойынша, бұл граффити пандемияны жеңетініміздің символы және осынау күрделі кезеңдегі жанкешті еңбектерімізді еске салып тұруы тиіс. 

Еске салайық, пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер еңбегіне арналған бұған дейінгі алғашқы муралды Әди Шәріпов көшесі, 118-үйдің қасбетіне суретші Жұмаділ Елукенов бейнеленген болатын.