23 сәу, 2020 сағат 19:01

Алматыда коронавирус жұқтырғандардың жағдайы қалай?

Алматыда соңғы екі тәулікте коронавирус індетін 78 адам жұқтырды. Кеше - 54, бүгін - 24 жағдай анықталды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 756 жағдайы тіркелген.

«Оның ішінде орталық қалалық аурухананың карантиндегі 22 медицина қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың провизорлық стационарының 2 қызметкері, балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 10 қызметкері, 4 медициналық жедел жәрдем қызметінің 4 қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 40 адам бар»,– деп хабарлады басқармадан.

Екі адамның жай-күйі өте ауыр, 24 адам – ауыр, 198 пациент - орташа ауыр жағдайда. Қалған науқастардың жағдайы бірқалыпты. 

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында 663 пациент емделуде.

Провизорлық орталықтарда - 440 адам, оның ішінде 15 бала бар. Карантиндік оқшаулауда – 421 (5 бала), үй карантинінде – 10 093 азамат бар.

Бүгінгі күнге дейін Алматыда 88 адам сауығып, үйіне шыққан.