#
#
Дүйсенбі 06/07/2020

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны азаймай отыр - Бекшин

  • 03.06.2020
  • 0
  • 257

Алматыда вирус жұқтырғандардың саны азаймай отыр. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алматы қаласында вирусты сырттан әкелгендердің үлесі - 3,7%. Профилактикалық тексеру кезінде 783 адамнан вирус табылды, ол - барлық науқастың 28,8%. Өз еркімен тексеріске келгендер үлесі - 3,3%, байланыста болғандар – 1842 адам, яғни 67,8%. 1647 адам немесе пациенттердің 60% жазылып, үйіне шықты», - дейді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, қазір Алматыда коронавирус жұқтырған 2715 адам бар. Қалада індет жұқтыру фактілері азаймай отырғандықтан карантин шаралары сақталады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар