16 мам, 2020 сағат 10:05

Алматыда коронавирус жұқтырған орталық аурухана қызметкері қайтыс болды

Алматыда коронавирустан емделіп жатқан Орталық клиникалық қалалық аурухананың қызметкері қайтыс болды.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, инфекциялық стационарда Орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері қайтыс болды. 

«Ол ауруханада лифтер болып жұмыс істеген. 16 сәуірде одан SARS CoV-2 ПТР талдау алынған болатын. Тест оң нәтиже көрсеткен соң, науқас инфекциялық стационарға ауыстырылған болатын. Қайтыс болған науқас хаттама бойынша жансақтау, яғни қарқынды терапия бөлімінде емделген болатын», - деді басқарма өкілдері. 

Жүргізілген ем шараларына қарамастан полиорганды жетіспеушілік пайда болды. 

Қазір арнайы комиссия әйелдің қаза болуына байланысты тексеру жүргізіп жатыр.