18 сәу, 2020 сағат 19:31

Алматыда коронавирус жұқтырған екінші жүкті әйел босанды

Алматыда коронавирус жұқтырған жүкті әйел аман есен босанды. Балаға вирус жұқпаған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жүктіліктің 36-аптасында келген келіншекті №1 аурухананың дәрігерлері босандырған. 

«Нәрестеден коронавирусқа тест алынды. Ол вирус жоқтығын көрсетті. Қыз бала қазір балалар бөлімінде жатыр», - деді стационардың бас дәрігері Сәбит Пазылов. 

Қазір анасы мен баласының жағдайы тұрақты.

Айта кету керек, 15 сәуірде Алматыда тағы бір коронавирус жұқтырған келіншек босанған болатын. Салмағы 3 келі болып туған ұл бала да вирустан дін аман болып шықты.