Алматыда коронавирус жұқтырған 6 баланың жағдайы туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Балалар Covid-19 науқастарын емдеуге бөлінген инфекциялық стационарларда жатыр. Олар ҚР ДСМ бекіткен хаттама бойынша өз жастары мен салмағына қарай тиісті ем қабылдап жатыр. 6 баланың да жағдайы жақсы, қанағаттанарлық. Жақын арада толық сауығады деген сенімдеміз», - деді басқарма басшысы.
Оның айтуынша, ата-анасынан жұқтырған балалар ауруханада бірге, ал 8 жастан асқандары жеке жатыр.