10 қыр, 2020 сағат 16:25

Алматыда көпқабатты үй өртенді

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жанып жатқан үйдің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.

«Бүгін, 10 қыркүйек күні кешкі сағат 17:48 минутта өрт сөндіру есептері Алмалы ауданы Розыбакиев көшесі, 45 мекенжайы бойынша шақыртуға жіберілді. Көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабаттағы пәтері мен балконы ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Қызыл жалын 7-ші қабаттың балконын шарпып үлгерген. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер 22 минуттың ішінде жалынды оқшаулап, тағы 10 минуттан кейін толықтай сөндірді», – деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 19 адам мен 5 техника, соның ішінде өрт баспалдағы жұмылдырылды. 

Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға себебі анықталып жатыр.