18 мам, 2020 сағат 11:38

Алматыда қонақүй бизнесі қайта жанданады

Алматыда 25 мамырдан бастап 393 қонақүйге жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«25 мамырдан бастап 5 мыңнан астам жалпы жұмысшысы бар 393 қонақүйді (хостелдерді қоспағанда) жұмысын бастауды жоспарлап отыр. Бұл кезеңде, оларға бөлмелерді беруге және өзінің аумағындағы мейрамханаларды ашуға рұқсат беріледі»,– деп хабарлады қалалық әкімдік.

СПА, бассейндер және тренажер залдарын ашу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайларға байланысты болады және қосымша хабарланады. Осылайша, 25 мамырдан бастап, қалада 84,2 мың адамды жұмыспен қамтитын, барлығы 3 631 кәсіпорынды іске қосу жоспарланып отыр.