01 мау, 2020 сағат 15:48

Алматыда кинотеатрлар қашан ашылады?

Алматыда кинотеатрлар, сауда орындарындағы балалар ойнайтын алаңдар мен фуд-корттар әлі ашылмайды. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қалада концерттер мен спорт жарыстарын өткізуге әлі ерте. Қазір балабақшаны ашу жөнінде ұсыныстар түсіп жатыр, оларды кезең-кезеңімен ашамыз, әзірге кезекші топтар жұмыс істеп тұр. Ірі ойын-сауық орталықтарында орналасқан кинотеатрлар, фитнес орталықтары, балалар ойнайтын алаңдар мен фуд-корттың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Рұқсат бермедік. Адамдарды бір жерге жинап, шоғырландыруға болмайды»,-дейді Жандарбек Бекшин. 

Сонымен қатар, ол қаладағы блокпостарды алмас бұрын қала және аудандық әкімдіктің атсалысуымен дайындық жүргізгенін айтты. Мониторинг тобына кәсіпкерлер палатасы, әкімдік, полиция қызметкерлері мен санитарлар кірген. 

«Мекемелердің жұмысына рұқсат бермес бұрын оларға түсіндіру жұмысын жүргізіп, кеңес бердік. Тек содан кейін ғана қаладағы тамақтану орындары мен сән салондары ашылды. Ал бүгіннен бастап азық-түлік сатпайтын базарлар іске қосылды. Олардың бәріне алдын ала талаптар қойып, нұсқама әзірлеп бердік»,– дейді ол.