Алматы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Енді қаладағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайды.
«Осыған байланысты Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін кезекті сағат 15.30-ға дейін броньдау қажет. Одан кейінгі бронь жарамсыз деп саналады», - деді «Азаматтарға арналған Үкімет» АҚ Алматы бөлімшесінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, кеше қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин базарлар, ХҚКО жұмысының уақыты өзгеретінін айтқан болатын.