14 қаң, 2023 сағат 05:53

Алматыда халықаралық іздеуде жүрген күдікті мен оның серіктесі ұсталды

Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы жаңа жыл түні қарсаңында 10 пәтерге ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының екі тұрғыны қаланың Алмалы және Бостандық аудандарында жүрген. Жай жүріп қоймай, бөтеннің пәтерлеріне кіріп, заттарды ұрлаған. Қылмыстық жұптың 10 ұрлыққа қатысы бар.

"Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Олар аулаларды аралап, көпқабатты үйлердің терезелері мен кіреберістерін қарап, пәтерде біреудің бар-жоғын тексерді, кіреберіске кіріп, кілт таңдау немесе құлыпты бұзу арқылы пәтерге кіретін есікті ашып, үйдегі құнды заттардың бәрін алып шықты. Бұл - қолма-қол ақша, шағын техника, әртүрлі зергерлік бұйым. Біреуі бөтен адамның үйінде иелік етіп жүргенде, екіншісі көлікте күтіп отырған", - дейді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, Бостандық аудандық ПБ КПБ арнайы тобының қызметкерлері және полицияның арнайы жасағының көмегімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1996 жылы туған С. есімді азамат және оның серігі 2000 жылғы С. есімді азамат ұсталды.


Олар ұрлыққа түскен пәтерден цифрлық техника мен қаражат жоғалып кеткен. Күдіктілер заттай айғақтардан құтылып үлгермеген. Олар ұстау кезінде тәркіленді және қылмыстық іске қосылды.

Қазір "қылмыстық дуэттің" мүшелері уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Бұрын күдіктілердің заңға қатысты мәселелері болған. Ал ұсталғандардың бірі Қазақстанның басқа аймақтарында бірқатар ұрлық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған. Қазір екеуінің де жалпы қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Қуатбек Науатов.