22 мау, 2020 сағат 17:11

Алматыда кеше коронавирустан қайтыс болған екі адам ауруханаға ауыр халде түскен

Қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 21 маусым күні коронавирустан қайтыс болған екі адам туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«1960 жылы туған ер адам 5 маусымда инфекциялық стационарға жатқызылды. Ауруханаға түскенде екі жақты полисегментарлы пневмония болғандықтан жағдайы ауыр болатын. Бірден өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес емделді. Соған қарамастан жүрегі тоқтап қалды. Дәрігерлер оған 30 минут бойы реанимациялық шаралар жасады, өкінішке қарай қайтыс болды», - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Көз жұмған екінші адам 63 жаста болған. Маусымның басында ЖРВИ белгілерімен ауырған. Үйде өздігінен емделген. 14 маусымда жедел жәрдем көлігімен инфекциялық стационарға жеткізіліп бірден жатқызылды.

«Сол кезде коронавирус инфекциясының талдауы оң нәтиже көрсеткен. Басқа да сырқаты болған. Бірнеше жылдан бері созылмалы жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертензиямен ауырған. Виремия белсенді болғандықтан , ауыр мультиморбид салдары полиағзалық синдромына әкеп соқты және содан қайтыс болды», - деп қосты ведомстводағылар.

Комиссия екі адамда SARS-COV-2 салдарынан екіжақты пневмония болып, қайтыс болды деген шешім шығарды.

Алматыда жалпы коронавирустан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті.