Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы аудандарға қатынайтын автобустар жолға шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты Алматы шекарасындағы блокпостар ашылды. Сондықтан, жолаушылар тасымалы бұрынғы жұмыс режиміне көшеді. Жұмыс уақыты кешкі 21:00-де аяқталады»,— деп мәлімдеді «Алматыэлектротранс» АҚ.
Атап айтқанда, Қаскелең, Жандосов, Талғар, Алма арасан шатқалына шығатын 202, 212, 209, 210 автобустар жұмысын қайта бастайды.
Айта кету керек, Алматыда 1 маусымнан бастап қала сыртындағы блокпостар ашылған болатын.
Қалалық ПД блокпостарда 2,5 ай бойы қызмет еткен полиция қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.