#
#
Бейсенбі 09/07/2020

Алматыда ірі автопарктің жабылуына не себеп болды?

  • 29.06.2020
  • 0
  • 180

Алматы қалалық мобильділік басқармасы тасымалдаушылардың бірі нарықтан не себепті кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АвтоТрансГаз» ЖШС қалалық мобильділік басқармасына қаңтар айында өз қызметін тоқтататынын хабарлаған. Айта кету керек, компанияның жабылуы - бұл қалыпты бизнес-процесс. Кей автобустар ауыстыруды талап етті, оған компания дайын болмады, сондықтан нарықтан кету жөнінде шешім қабылдады», - деп түсіндірді басқармадағылар.

Сонымен қатар, олардың маршруттарын жаңа автобустар сатып алу үшін басқа тасымалдаушыларға беру жоспарланған. Алайда, пандемияға байланысты қоғамдық көлікті сатып алу және жеткізу процесі кейінге қалды.

«Бүгінгі таңда компания қызмет көрсететін 12 маршрут резерв автобустары бар басқа тасымалдаушыларға берілді. Шынында да, қазір автобус жетіспеушілігі проблемасы бар, кей маршруттар желінің тек 60%-ын ғана жауып отыр. Қазір басқарма осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Сондықтан көп ұзамай мәселе шешіледі. Жаңа автобустармен қамтамасыз етіледі», - деп атап өтті басқармадағылар.

Айта кетейік, қала тұрғындары желідегі автобус санының азаюына наразылық білдіріп жатыр. Бүгін Алматыда ең ірі автопарктердің бірі «АвтоТрансГаз» ЖШС экономикалық ахуалдың кесірінен нарықтан кеткені белгілі болды. Бұл компанияның маршруттары басқа тасымалдаушыларға берілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар