20 қаң, 2023 сағат 10:52

Алматыда ер адам сүйіктісін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол салды

Фото ашық дереккөзден алынды

Әлеуметтік желіде Розыбакиев көшесіндегі салонда ер адам сүйіктісін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып жатқанын хабарлады.

"Сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.