22 мау, 2020 сағат 15:23

Алматыда экопосттар қойылатын болады

Алматыда бірнеше экологиялық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн – брифинг барысында Алматы қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша бірнеше жоба әзірленгенін және оны жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғанын атап өтті. 

«Бізде карантин кезінде жұмыс істеген блокпост тұрған жерлерде экопосттарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, веложолдарды 28 шақырымға ұзарту көзделіп отыр және қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтарды ұлғайтамыз. Сонымен қатар, жақын арада қаланы аралап жүріп пайдаланылған газды өлшейтін мобильді зертханаларды іске қосамыз», - деді басқарма басшысы. 

Айта кетейік, университеттер де, мектептер де, бизнес орталықтарын да, кеңселер де, мемлекеттік органдарда да экопост болады. Онда қағаз, пластик қалдықтары мен шыны ыдыстарды жинау пункттері ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, экологиялық бірлестіктер, ғалымдар, қызығушылық танытқан тұрғындардан тұратын жұмыс тобы құрылды», - деді Наталья Ливинская.