27 сәу, 2020 сағат 19:23

Алматыда екі аптада 90 мыңға жуық адам жұмысқа шықпақ

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 27 сәуірден бастап қаладағы қандай ұйымдарға жұмыс істеуге рұқсат етілгені туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Алматы қаласында экономиканың бірқатар салаларын қалпына келтірудің екінші кезеңі басталды. Атап айтқанда, карантин кезінде кейбір салалар шектеулі режимде жұмыс жасады: көлік, қойма, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар. Бұл секторлар толығымен ашылады. Бұл салалардағы барлық кәсіпорындарға ертең жұмысқа шығуға рұқсат етілген «, - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн-брифинг барысында. 

Сонымен қатар, 50% дейін қаржы секторына рұқсат беріледі. Оның ішінде екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары,сақтандыру компаниялары, брокерлік ұйымдар және ломбардатар, ақша айырбастау пуктерін қоспағанда. 

«Ломбардтарға тұтынушыларды қабылдаусыз, тек уәкілетті органда есептік тіркеуден өтуге рұқсат беріледі. Сондай-ақ, бизнеске арналған кәсіби қызмет көресету саласында: консалтингтік қызметер, аудит, бухгалтерлік, заңгерлік. Бұл секторда компания қызметкерлерінің 50% -на дейін жұмыс істеуге болады. Сонымен қатар, тауарларды үйлеріне жеткізіп беретін компанияларға рұқсат бар», - деп толықтырды әкім орынбасары.

Сондай-ақ, ол СТО, дөңғалақ айырбастау, көлік жуу, оргтехника мен тұрмыстық техниканы жөндейтін орталықтар, жарнама агенттіктері, автосалондардың клиенттерге көлік сатпай техникалық қызмет көрсетуіне болады. Көлік жуу және автосалондар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істеуі керек.

«Рұқсат берілген кәсіпорындарға екі аптада 90 мыңға жуық адам жұмысқа шығады деп күтілуде», - деді Сапарбек Тұяқбаев.