Алматыда демалыс күндері жеке тұрған дәріханалар қалыпты режимде жұмыс істейді. Оларға шектеу қойылған жоқ. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дәріханалар барлық санитарлық талапты сақтай отырып жұмыс істей береді. Олар жабылмайды. Себебі, ол жерге адам көп жиналмайды. Сонымен қатар, сұлулық салондары да жұмыстарын жалғастырады», – деді Еркебұлан Оразалин.
Оның айтуынша, бұл тек жеке орналасқан дәріханалар мен сұлулық салондарына қатысты. Егер бұл нысандар ірі сауда орталықтарының ішінде болса, сәйкесінше оларда жабық болады.