Алматыда медициналық кадр тапшылығы жоқ. Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Медициналық қызметкерлер арасында кеше 2 әріптесіміз ауыр халде жатқан болатын. Бүгін олардың жағдайы біршама жақсарды. Қазір олардың жай күйі орташа деп бағаланып отыр. Қазір қаланың стационарларында жатқан 25 әріптесіміздің жағдайы орташа. Ал басқаларының жағдайы қанағаттанарлық», -деді Тілеухан Әбілдаев.
Сонымен қатар, басқарма басшысының айтуынша, қалада медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі байқалмайды. 11 күннен соң дәрігерлердің көпшілігі жұмысқа шығады.
«Олар емдеу мекемелеріне қайта оралады деп сенемін», - деді басқарма басшысы.
Айта кету керек, Алматыда 218 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған.